Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Қос диплом» бағдарламасы бойынша қосымша стипендиялар!

Құрметті DKU-дың 3 курс студенттері!

Германдық академиялық алмасу қызметі (DAAD) «Қос диплом» бағдарламасы бойынша қосымша стипендиялар тағайындады. Осылайша, стипендия саны айтарлықтай өсті.

Осыған байланысты біз «Қос диплом» бағдарламасына өтінімдерді қабылдауды ұзартамыз. Өтінімдер 2021 жылдың 12 қаңтарына дейін қоса қабылданады.

Назар аударыңыз!
12 қаңтарға дейін TestDaF-қа тіркеліп үлгеріңіз! TestDaF-қа тіркелу үшін Басанова Сандуғашқа хабарласыңыз bassanova@dku.kz

Барлық сұрақтар бойынша DKU Халықаралық кеңсесіне хабарласыңыз: int_office@dku.kz.

Бөлісу