Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Қазіргі заманғы жылу энергетикасы — Қазақстан Республикасы үшін халықаралық трендтер мен міндеттер» онлайн курсы

Қазақстан-Неміс университеті Германиядан келген VPC GmbH консалтингтік компаниясымен бірлесе отырып, Сіздерді «Қазіргі заманғы жылу энергетикасы — Қазақстан Республикасына арналған халықаралық трендтер мен міндеттер» онлайн курсына қатысуға шақырады.

Бұл курс «Жылу энергетикасы туралы» ҚР заң жобасын дайындау аясында ұсынылды.

Курстың мақсаты:

  • жылумен жабдықтау секторының жаңа моделінің негізгі мәселелері бойынша жүйелі түрде білім беруді қамтамасыз ету;
  • жаңа заңға байланысты оларда туындайтын тиісті міндеттемелерге мүдделі тараптарды дайындау.

Курс бағдарламасы 4 модульден тұрады:

  • модуль 1: Жылу энергетикасындағы технологиялар;
  • модуль 2: Жылумен қамту жүйелерін жоспарлау;
  • модуль 3: Жылумен жабдықтау қызметтерінің экономикасы және тарифтері;
  • модуль 4: Институционалдық мәселелер.

Күні: 2022 жылғы 17 мамырдан 15 маусымға дейін.
Уақыты: сейсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 16.00-ден 17.30-ға дейін.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2022 жылғы 01 мамырға дейін.

Формат: онлайн-вебинарлар
Тілдер: орыс және ағылшын

Тіркелу @dku.nri профиль тақырыбындағы сілтеме арқылы

Қосымша ақпарат сұрау бойынша: kobzev@dku.kz, heating@dku.kz.

Бөлісу