Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Экономика мен білім беруді цифрландыру» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының қорытындысы

2020 жылғы 26 қарашада «Өңірдің экономикалық дамуы: басқару, инновациялар, кадрлар даярлау» VII халықаралық экономикалық форум шеңберінде «Экономика және білім беруді цифрландыру: пандемия жағдайындағы жаңа технологиялар» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

Іс-шара 4 секциядан тұрып, келесі университеттердің алаңдарында өтті: Алтай мемлекеттік университеті (https://www.asu.ru/), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (https://www.kaznu.kz/kz), И.С. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университеті (http://oreluniver.ru/) және Қазақстан-Неміс Университеті.

Қазақстан-Неміс университетінің базасында «Жеткізу тізбегін цифрландыру» тақырыбында 4-ші секция өтті.

Конференцияға ғалымдар, профессорлар, жоғары оқу орындарының оқытушылары және ғылыми қоғамдастық қатысты.

Конференция материалдары Алтай мемлекеттік университетінің Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институтының сайтында орналастырылады. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша мақалалар жинағы шығарылып, e-library платформасына орналастырылады және РҒДИ индекстелінеді.

DKU алаңында 4 секциясының жазбасы сілтеме бойынша қолжетімді: www.youtube.com/watch?v=Cu-iJ1Tsm90

Бөлісу