Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының түлектерімен кездесу, 12.11.2020

Халықаралық қатынастар саласының жұмысы туралы көбірек білгіңіз келе ме?

Олай болса, біз сізді DKU «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының түлектерімен кездесуге шақыруға қуаныштымыз, олар сізбен келесі тақырыптар бойынша ақпаратпен бөліседі:

  • олар қандай салада және қандай позицияда жұмыс істейді;

  • қандай жобаларды жүзеге асырады;

  • өз кәсібіне және жұмысына қаншалықты риза және қанағаттанған;

  • білім кәсіби іске асыруда қалай көмектесті/көмектеспеді;

  • ХҚ саласындағы қазіргі заманғы маманға қандай Skills керек;

  • тәжірибе орнын қалай және қай жерден іздеу;

  • неліктен белсенді, ашық және батыл болу маңызды;

  • халықаралық компанияға жұмысқа қалай кіруге болады және т.б.

Біздің түлектер осы және сізді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береді! Сұрақтарыңызды дайындап, танысуға келіңіз.

Студенттерді, мектеп оқушыларын, барлық қызығушылық танытқан және кәсіби қызметтегі алғашқы қадамдарын енді бастаған адамдарды шақырамыз!

Қашан: 12 қараша, 2020 ж.

Нешеде: 16.30-да.

Формат: ZOOM алаңында онлайн-кездесу.

Тіркелуге сілтеме https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfllitcE57F8ne5aDn-wHgHUrBml536hE-2i2VgsjDtQJBgaA/viewform

Бөлісу