Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Түлектеріміздің табыс тарихы» DKU ашық есік күні

Сіздерді 2022 жылдың 16 сәуірінде өтетін «Түлектеріміздің табыс тарихы» DKU ашық есік күніне шақырамыз.

Бұл жолы біз сіздерді Экономика және кәсіпкерлік, Инженерлік және ақпараттық технологиялар және Әлемдік саясат факультеттерінің түлектерімен таныстырғымыз келеді, олар DKU-ға түсу және оқу тәжірибесімен бөліседі және алған білімдері мен дағдыларының арқасында мансаптарының қалай құрылғаны туралы әңгімелейді.

Сондай-ақ, DKU жоғары оқу орнына дейінгі және кәсіптік оқыту орталығының түлегі өзінің дайындық курстарына түсуі және оқуы туралы айтып береді.

Сонымен қатар, сіздер қабылдау комиссиясының, факультеттердің, Халықаралық кеңсе мен Мансап орталығының өкілдеріне өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыздар.

  • Күні: 16 сәуір 2022 жыл.
  • Уақыты: 14:00 Алматы уақытымен.
  • Орны: Назарбаев даңғылы, 173

Жақсы бонус: сынақ тестінен өту мүмкіндігі, осылайша ішкі емтиханның шамамен сұрақтарымен танысу.

* DKU қабылдау кезінде ішкі емтихан тапсыру міндетті рәсім болып табылады.


Қосылу үшін сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/83994657950?pwd=VnI2YW9QUkNpa2ZiWHp0b0lxMGNtdz09

Конференция идентификаторы: 839 9465 7950
Қосылу коды: 874949

Сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет:
https://forms.gle/3WZ49moFe2Nrg91r8
Сіздерді Ашық есік күнінде күтеміз!


Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
Тел: + 7 (727) 355 05 51 (ішкі 229, 216)
Email: admission@dku.kz, marketing@dku.kz

Бөлісу