Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Климаттың өзгеруі және оның Орталық Азияға әсері" аймақтық онлайн байқауы

Назар аударыңыз! Байқау!
Green Central Asia 35 жасқа дейінгі барлық адамдарды «Климаттың өзгеруі және оның Орталық Азияға әсері" тақырыбындағы анимациялық фильмдер байқауына қатысуға шақырады.

Байқау аймақтық деңгейде Орталық Азияның бес республикасында өтеді:

  • Қазақстанда
  • Қырғызстанда
  • Тәжікстанда
  • Түрікменстанда
  • Өзбекстанда

Біз Орталық Азия өңіріндегі климаттың өзгеруіне байланысты проблемаларды, мүмкіндіктерді көрсететін үздік анимациялық фильмнің авторын іздейміз.

Қатысушылардың бейнебаяндары қоғамның хабардарлығын арттыруға және/немесе адамдарды климаттың өзгеру процесін тоқтату үшін қоршаған ортаны сақтауға үлес қосуға ынталандыруы керек.

Жұмыстар саны шектеулі: бір автор — бір жұмыс.

Бір ел — бір жеңімпаз!

Үздік фильм ушін жүлде: Германияға оқу сапары.

Байқау шарттары туралы толық ақпаратты сұраныс бойынша білуге ​​болады: Мұхаббат Қамалова, mukhabbat.kamalova@giz.de
Жұмыстарды 2022 жылдың 31 тамызына дейін жіберу керек.

Бөлісу