Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Жаһандану жағдайында су ресурстарын басқару» онлайн-конференциясына қатысуға шақырамыз

«Жаһандану жағдайында су ресурстарын басқару» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.

  • Формат: онлайн
  • Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.

11 наурызда пленарлық отырыста (14:00−17:30, Алматы уақыты бойынша) DKU халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, з.ғ.д. Барбара Януш-Павлета сөз сөйлейді.

12 наурызда (14:00−17:00, Алматы уақыты) DKU-дағы ЖЭК бойынша жобалар менеджері Алексей Кобзев «Орталық Азиядағы экологиялық қауіпсіздікті арттыру және су және энергетикалық ынтымақтастықты дамыту үшін мульти-секторалдық тәсілді (NEXUS) ілгерілету» 4-сессиясын өткізеді.

Сессия мақсаты: Орталық Азияда NEXUS тәсілін қолдану үшін білім беру, зерттеу және басқа да ұйымдардың пікір және тәжірибе алмасуы. 4-Сессия Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығының (CAREC) көмегімен өткізіледі.

Конференцияға қатысуға шақырылды:

жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары, аспиранттары, докторанттары мен студенттері, зерттеу институттарының, бизнес пен халықаралық ұйымдардың өкілдері.

Төмендегі сілтеме арқылы өтіңіз және:

  • 11 наурызда пленарлық отырысқа қосылыңыз (ZOOM сілтемесі, конференция идентификаторы: 863 7598 0782, қосылу коды: 913141);
  • 12 наурызда NEXUS тәсіліне арналған 4-сессияға қатысыңыз (ZOOM сілтемесі);
  • Конференция бағдарламасын алыңыз;
  • Nexus тәсіл оқыту үшін оқу құралымен танысыңыз (77 бет).

Конференцияда сізбен кездесудә асыға күтеміз!

Сұрақтарыңыз қалды ма?

ЖЭК бойынша жобалар менеджері Алексей Кобзевке хабарласыңыз, kobzev@dku.kz; +7777 0 333 264


DKU ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен, География және су қауіпсіздігі институтымен, У. М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтымен, Халықаралық Аралды құтқару қорымен, Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетімен әріптестікте конференцияның тең ұйымдастырушысы болып табылады.

Бөлісу