Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Білімнің Жібек жолы» конференциясы. Абстракттар жинағы

2020 жылғы 24−27 қараша аралығында DKU Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен «Білімнің Жібек Жолы» өңірлік ғылыми-практикалық онлайн конференциясын өткізді.

Конференция қорытындысы бойынша DKU Табиғи ресурстар институты қатысушылардан абстракттар жинағын дайындады.

Жинаққа климат, су ресурстары, жаңартылатын энергия көздері және басқа да салалардағы зерттеулердің қысқаша сипаттамалары кірді.

Біз конференцияның барлық ұйымдастырушыларына, спикерлері мен қатысушыларына осы іс-шараны сәтті өткізгені үшін, өзекті терең тұсаукесерлер үшін, аудиториядан жақсы сұрақтар мен оларды қызықты талқылағаны үшін тағы да алғыс білдіргіміз келеді.

Біз «Білімнің Жібек жолы» конференциясына қызығушылық танытқандардың барлығымен ынтымақтастығымызды жалғастыруға үміттіміз, сондай-ақ болашақта да осындай
іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз.

Қосымша ақпаратты алу үшін хабарласыңыз: iwrm@dku.kz.

Бөлісу