Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Көліктік логистика» білім беру бағдарламасы.

Біздің клуб @ambassadors.dku сізге «Көліктік логистика» білім беру бағдарламасына арналған жаңа бейне дайындады. Осы мамандық бойынша оқыту шеңберінде көлік логистикасының әртүрлі салалары, сондай-ақ құқықтану, экономика, математика, ақпараттық технологиялар сияқты ілеспе салалар бойынша білікті мамандар даярлау жүзеге асырылады. Біздің осы мамандық бойынша түлектеріміз көлік кешенінің жұмысын тауар қозғалысының заманауи логистикалық жүйесінде және оның тауар нарығы мен көлік қызметтері нарығының логистикалық инфрақұрылымымен өзара іс-қимылын ұйымдастыра алады.
Бағдарлама түлектері әртүрлі қызмет саласындағы компанияларда жұмыс таба алады:

  • Өндірістік кәсіпорындар.
  • Филиалдарының кең желісі бар компаниялар.
  • Сауда компаниялары.
  • Ірі желілік дүкендер.
  • Көтерме және логистикалық орталықтар.
  • Көлік компаниялары.

Сіз instagram @dku.kz- да бейнені көре аласыз.

Бөлісу