Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Алтын сақа» балалар әдебиеті туындыларының республикалық конкурсы

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ және «Қазақстан жазушылар одағы» РҚБ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Балалар жылы» аясында «Алтын сақа» балалар әдебиеті туындыларының республикалық конкурсын ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты — балалар әдебиеті мен оқудағы танымдылықты насихаттау, қазақстандық балалар әдебиетінің авторларын қолдау.

Қазақ әдебиетіне өз үлесін қосуға ұмтылған 18−35 жас аралығындағы жазушылар қатыса алады.

Байқауға қатысушылар ертегілер мен шағын әңгімелер бағыты бойынша проза жанрындағы еркін тақырыпта сайысқа түседі.

Конкурсты өткізу мерзімдері:

  • 2022 жылғы 19 тамызға дейін (қоса алғанда) өз туындыларыңызды электрондық поштасына ұсыну қажет. altyn.saqa01@gmail.com, altyn. saqa01@mail.ru, balalarbaikaui@gmail.com, сондай-ақ жеке деректерді толтыру және жіберу.
  • 2022 жылғы 31 тамызға дейін байқау жұмыстары қазылар алқасының сараптамасынан өтеді.
  • 2022 жылдың қыркүйегінде конкурс қорытындысы жарияланады.

Байқау қорытындысы бойынша 2 бағыт бойынша жиналған барлық шығармалар іріктеліп алынады, олар 2022 жылдың қараша айында жарияланады.

Жеңімпаздар екі бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ жүлделі орындармен және ынталандыру жүлделерімен (номинациялармен) марапатталады.

Марапаттау рәсімі 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында өтеді.

Конкурс туралы толық ақпаратты мына сайттардан табуға болады: www.ruh.kz, www.adebiportal.kz

Конкурс сұрақтары бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады:

  • +7 (7272) 261 6295, 272 6193

ұялы тел.: +7 775 846 3705,

  • +7 702 697 8598,
  • +7 775 657 7838,
  • +7 707 133 7899

Бөлісу