Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Алматыда қалалық логистиканың тұрақты дамуы» тақырыбында семинарлар сериясы

LogCentre Қазақстан-Неміс университетінің базасында құрылған коммуникациялық және логистиканың трансферттік орталығы Сіздерді «Алматыдағы қалалық логистиканың тұрақты дамуы» тақырыбындағы семинарлар сериясына белсенді қатысуға шақырады.

Іс-шара өтеді: 27 мамырда 2021, с. 15−00-ден 17−00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ.уақытымен).
Іс-шара форматы: онлайн, ZOOM алаңында.
Семинардың жұмыс тілі: ағылшын (орыс тіліне ілеспе аударма).

Семинарлардың бұл сериясы жаңа тұрақты қалалық логистикалық шешімдерді бастауға бағытталған. Семинарлар үш мақсатты көздейді:

  • Қалалық логистикалық жүйелерді бастауға мүдделі тараптарды ынталандыру.
  • Қалалық логистикалық шешімдер мен жоспарлау принциптері туралы білімдерімен бөлісу.
  • Қалалық логистикалық даму шешімі ретінде жүк велосипедтерінің орындылығын көрсету және SUMP (қалалық ұтқырлықты тұрақты дамыту жоспары) үшін қалалық логистика бойынша толықтырулар әзірлеу.

Ғылыми іс-шараның форматы:

Семинарлар сериясы екі бөлікке бөлінген:

— Бірінші бөлім қалалық логистика бойынша бірқатар онлайн-семинарлардан тұрады және білім алмасуға арналған.

— Екінші бөлімде шешімдерді әзірлеу жоспарлануда. Сессиялардың бір бөлігі 2021 жылдың күзінде физикалық шеберлік сыныптары ретінде өткізіледі. Семинарлар қазан айында доктор Ассманның қатысуымен қысқа сегменттерде өткізіледі.

Семинарға тіркелу мына сілтеме бойынша:

https://docs.google.com/forms/d/1rrVwExvw5P5jP6uwH77P--Qu5qnDqkXlBuPEFiX0eak/edit

Бөлісу