Размер шрифта:

Цветовая схема:

Академиялық үлгерімді арттыру бөлімі

Академиялық үлгерімді арттыру бөлімінде Қазақстан-Неміс Университеті және тағы да басқа университеттердегі оқытушылар, студенттер мен жас ғалымдарға академиялық хат жазу, зерттеу жұмысын жүргізу және презентациялау дағдыларын жетілдіруге көмектесетін табыс мәдениетін дамытады. Тәуелсіз сараптама бере отырып, құрылымдық бөлімше әр түрлі мақсатты топтардың және олардың жұмыстарының әр түрлі кезеңдерін қолдауға бағытталған кешенді бағдарламаларды ұсынады.

Біздің бағдарламаларымыз бен қызметтеріміз ғылыми жұмыстарды жариялау мүмкіндіктерін кеңейтуге және нәтижелерді халықаралық аудитория арасында таратуға бағытталған.

Сонымен қатар, біз DKU студенттері мен түлектері үшін орыс, ағылшын және неміс тілдерінде жеке кеңес беру қызметімен және жеке оқуға қолдау көрсетеміз. Қазіргі заманғы технологиялық тәсілдерге сүйене отырып, біздің кеңесшілер мен қызметкерлер академиялық хат жазу, дайындау жұмыстары бойынша қолдау көрсете отырып, сіздің студенттік ғылыми зерттеулеріңізді нәтижелі жүзеге асыруға, табысты аяқтауға қол жеткізуге көмектеседі.

Қазақстандағы DAAD ақпараттық орталығымен бірлесе отырып, Академиялық үлгерімді арттыру бөлімі «Германияда PhD» атты бір күндік тренингті әдетте әр жыл сайын немесе 2 рет Алматыда немесе Нұр-Сұлтанда өткізеді.

  • DKU-дың академиялық үлгерімін жақсарту.
  • Академиялық үлгерімнің сыртқы жақсаруы.