Loading...
Оқу құны

Білім алудың негізгі құны (стипендияларды есептемегенде) бізде бакалавриат үшін жылына 2 100 000 теңге, ал магистратура үшін 2 500 000 теңге.

Ішкі гранттар мен стипендиялар бар, олар оқу құнын 15%-дан 70%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Ішкі гранттар студенттің оқу үлгеріміне байланысты беріледі. Біздің университетте студенттердің шамамен 50%-ы стипендия алады!

Маңызды!

DKU-ға түскенде, халықаралық ұйымдар ұсынатын ішкі гранттардан бөлек, мемлекеттік грантқа да үміткер бола аласыз.

Мемлекеттік гранттар университетіміздің барлық бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша бөлінеді!

Сіз бір уақытта ішкі грантқа және мемлекеттік грантқа құжат тапсыра аласыз, бірақ егер екеуі де берілетін болса, сізге олардың біреуін таңдау қажет болады – сіз үшін ең тартымдысын таңдауыңыз

Стипендиялар мен гранттар

Мемлекеттік грант

Университетіміздің барлық бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша мемлекеттік грант жеңіп алуға болады.

Ішкі гранттар

DKU студенттерінің (бакалавриат және магистратура) шамамен 40%-ы жыл сайын Герман академиялық алмасу қызметі (DAAD) немесе Германияның Ішкі істер министрлігінен гранттар/стипендиялар алады.

Барлық гранттар/стипендиялар байқау негізінде беріледі. Грант беру туралы шешімді стипендиялық комиссия қабылдайды. Комиссия отырысы мен нәтижелерді жариялау тамыз айының соңында өтеді.Барлық стипендиялар/гранттар бір оқу жылына ғана беріледі!

Бакалавриат және магистратура бағдарламаларына үміткер талапкерлер келесі әрекеттерді орындауы тиіс:

  1. Онлайн тіркеуден өтуhttps://univer.dku.kz/abiturient_user/register/ сілтемесі арқылы.Барлық жолдарды міндетті түрде толтыру қажет, әйтпесе стипендияға өтінішіңіз жүйеде көрінбейді.
  2. Онлайн тіркеу кезінде стипендияға өтініш беру. Өтініш берген кезде үміткер талап еткен стипендия түрлерін белгілеуі керек. Әрбір стипендия түрі үшін белгілі бір құжаттар пакеті жүктелуі тиіс. Қажетті құжаттардың барлығы онлайн өтініш беру кезінде жүктеледі. Стипендиялық комиссия тек толық құжаттар топтамасы бар өтініштерді қарайды.

Құжаттар толық болмаған жағдайда үміткер байқауға жіберілмейді.

Гранттарға өтініш қабылдау 2025 жылдың 1 маусымында басталады.
Өтініш берудің соңғы мерзімі – 2025 жылдың 10 тамызы.


ІШКІ ГРАНТТАР ТҮРЛЕРІ
DAAD оқу гранттары және тұру стипендиялары

DAAD — Германияның академиялық алмасу қызметі.

DAAD оқу гранттары талапкерлерге (ВА және MA), DKU студенттері мен магистранттарына жақсы үлгерімі үшін беріледі.

Сондай-ақ, бұл гранттар шетелдік студенттерге беріледі (ВА және MA). Шетелдік талапкерлер басқа елдің азаматтығы бар және өз елінде мектепті немесе университетті бітірген талапкерлер болып саналады.

Грант соммасы оқу ақысының 50% -на дейін құрайды.

Тұруға арналған стипендиялар қаладан тыс және шетелдік талапкерлерге (ВА және МА), DKU студенттері мен магистранттарына үлгерімі жақсы және Алматы қаласынан 35 км қашықтықта тұратындарға беріледі.
Ішкі грант алу үшін талапкерлерді іріктеу критерийлері:

— ВА талапкерлері үшін

  • DKU ішкі кіріспе тәртібі (пәндер бойынша тест үшін балл + шет тілі бойынша балл)
  • Аттестаттың орташа балы
  • ҰБТ балы

— ВА шетелдік талапкерлер үшін

  • DKU ішкі кіріспе тәртібі (пәндер бойынша тест үшін балл + шет тілі бойынша балл)
  • Аттестаттың орташа балы

— МА талапкерлері үшін

  • ҚР БҒМ кешенді тестілеуі
  • DKU-да ағылшын тілінде ауызша сұхбат

— МА шетелдік талапкерлері үшін

  • DKU ішкі кіріспе процедурасынан өту
  • DKU-да ағылшын тілінде ауызша сұхбат

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
— ВА талапкерлері үшін

  • онлайн-өтінім
  • мектеп аттестаты мен оның қосымшасының көшірмесі
  • ҰБТ сертификат көшірмесі
  • тұруға арналған стипендиялар үшін — egov веб-сайтынан тұрақты тіркеу мекен-жайы көрсетілген экранның суреті

— ВА шетелдік талапкерлер үшін

  • онлайн-өтінім
  • мектеп аттестаты мен оның қосымшасының көшірмесі
  • төлқұжат көшірмесі

— МА талапкерлері үшін

  • онлайн-өтінім
  • бакалавриат дипломы мен оның қосымшасының көшірмесі
  • ҚР БҒМ кешенді тестілеу сертификатының көшірмесі
  • тұруға арналған стипендиялар үшін — egov сайтынан тұрақты тіркеу мекен-жайы көрсетілген экранның суреті

— МА шетелдік талапкерлер үшін

  • онлайн-өтінім
  • бакалавриат дипломы мен оның қосымшасының көшірмесі
  • төлқұжат сканы
Германия Бас консулдығының гранттары

(университетке бөлінген жағдайда)

Шәкіртақылар (ВА және МА) талапкерлеріне, неміс ұлтының студенттері мен магистранттарына жақсы үлгерімі үшін беріледі. Бұл гранттар оқуға арналған ДААД гранттарын бөлу конкурсына қатысқан және жалпы конкурстың нәтижелері бойынша гранттың осы түрін алмаған талапкерлер арасында бөлінеді (1-тармақ). Гранттарды бөлу қазан/қараша айларында жүзеге асырылады.

Грант алу үшін талапкерлерді іріктеу критерийлері:
ВА талапкерлері үшін

  • DKU ішкі кіріспе тәртібі (пәндер бойынша тест үшін балл + шет тілі бойынша балл)
  • Аттестаттың орташа балы
  • ҰБТ балы

МА талапкерлері үшін

  • ҚР БҒМ кешенді тестілеуі
  • DKU-да ағылшын тілінде ауызша сұхбат

Қажетті құжаттар:

  • онлайн-өтінім
  • неміс ұлтын дәлелдейтін жеке куәлік сканы (немесе бір ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі)