Loading...

Ғзиимирс "Қытай Коммунистік партиясының XX съезі және Қазақстан-Қытай стратегиялық серіктестігінің болашағы"атты ғылыми конференция материалдарының жинағын шығарды

Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институты "Қытай Коммунистік партиясының XX съезі және Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігінің болашағы" атты ғылыми конференция материалдарының жинағын шығарды!

Жауапты редактор: Б. К. Сұлтанов.

Құрастырушы: К. М. Килмакаева.

Осы жинақ 2022 жылғы 2 қарашада Алматыда өткен "Қытай Коммунистік партиясының XX съезі және Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігінің болашағы" ғылыми конференциясының баяндамалары негізінде дайындалды.

Аталған ғылыми форумды Қазақстан-Германия университетінің Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институты, Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы және "Бір белдеу және бір жол"сараптамалық клубы ұйымдастырып, өткізді.

Конференция барысында Қытай Коммунистік партиясының XX съезінің қорытындылары және Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігінің жаңа мүмкіндіктері қаралды. Форум тақырыбының өзектілігі қазіргі уақытта әлем бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырап, қиындықтар мен қауіп-қатерлерге тап болып отыр. Бұл жағдайда ҚХР басшылығының адамзаттың біртұтас тағдыры қауымдастығын құруға, жаһандық қауіпсіздік пен жалпыға бірдей ұтысты қамтамасыз етуге деген ұстанымы әлемдік қоғамдастықтың назарын аударады.

Конференция жұмысына ҚР СІМ жауапты қызметкерлері, Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының қызметкерлері, жетекші қазақстандық ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарының сарапшылары мен оқытушылары қатысты.

Жинақ сыртқы саясатты, халықаралық қатынастарды, қазақстан-қытай ынтымақтастығын зерттеумен айналысатын тарихшыларға, саясаттанушыларға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.

Жинақ сату үшін шығарылмаған және тегін таратылады.

Кітап мына сілтеме бойынша қол жетімді. https://disk.yandex.kz/i/Wr7ZFSDRxOUwiA