"Халықаралық қатынастар" білім беру бағдарламасының Қазақстан-Неміс университетінің түлектері Мұхамеджан Надира, Серікова Сымбат және Пульникова Виктория қазіргі уақытта Бундестагта тағылымдамадан өтуде!
Олар халықаралық парламенттік стипендия алды. Бұл беделді бағдарлама 1986 жылдан бері жұмыс істейді және жыл сайын 50 елден келген жас университет түлектеріне 120-ға дейін стипендия тағайындалады.
Осы тақырып бойынша біздің түлектермен Видео-сұхбатты қазақ және орыс тілдерінде мына сілтемелер бойынша көруге болады:
KZ: https://www.youtube.com/watch?v=GdemdchB2Tk
RU: https://www.youtube.com/watch?v=antMT-LLeI0
Түлектерімізді құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!