Қазақстан-Германия университетінің президенті профессор Волрад Роммель Түркістан облысына іссапармен барып, облыс әкімі Дархан Сатыбалды кездесті.
Тараптар Түркістанда Қазақ-Неміс аграрлық университетінің ашылуына қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады. Бұл Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы саласында мамандар даярлайтын алғашқы неміс жоғары оқу орны болмақ.
Түркістан облысы дамыған аграрлық өңір болып табылады, ол сондай-ақ жастар саны бойынша республика көшбасшыларының қатарына кіреді, аграрлық өнеркәсіп саласында университеттің ашылуы өңірді дамытудың басты басымдықтарының біріне айналуда және әкімдік болашақ оқу орнын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.
Профессор Волрад Роммель кездесуде Қазақстан-Неміс университетінің Даму стратегиясы, оның Қазақстанның басқа өңірлеріндегі жобалары туралы айтып берді, сондай-ақ ол қазақстандық және неміс компаниялары үшін жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын атап өтті.
Жаңа оқу орны алдымен Қазақстан-Германия университетінің (DKU) филиалы ретінде ашылып, алдағы уақытта жеке университетке айналады. Ауыл шаруашылығы және Қолданбалы информатика саласында мамандар даярлау жоспарлануда. Студенттерді оқыту үшін Германиядан профессорлар мен доценттер де тартылады. Студенттердің Германияда оқуын жалғастыруға мүмкіндігі болады, олар Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы саласындағы ірі өндірістерде және Германиядағы өндірістерде тағылымдамадан өте алады.