Университетіміздің келесі білім беру бағдарламаларының
FIBAA (Foundation for International Business Administration Accreditation) агенттігінің халықаралық аккредитациясынан өткенін қуана хабарлаймыз.
Білім беру бағдарламаларына FIBAA Quality Seal сапа белгісі берілді.
Халықаралық аккредитациядан өту университеттің білім беру бағдарламаларын үздіксіз жетілдіруге, академиялық стандарттарды дамытуға және түлектердің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға деген ұмтылысын растайды.
Аккредитация білім беру бағдарламаларын, оқу үдерісін және білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін кешенді бағалау нәтижесінде берілді. Агенттік білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсынымдар да берді.
Осы айтулы жетістікпен, ең алдымен, Экономика және кәсіпкерлік факультетін, сондай-ақ университетіміздің барлық оқытушыларын, қызметкерлерін, студенттері мен түлектерін шын жүректен құттықтаймыз!
Халықаралық аккредитацияның ресми сертификаттары ОСЫ ЖЕРДЕ жарияланған (Экономика және кәсіпкерлік факультетінің сертификаттар қойындысында).
Барлық сұрақтар бойынша DKU Сапаны қамтамасыз ету бөліміне хабарласуға болады.