Loading...

Техникалық университет Вильдау базасында DKU жобасы бойынша воркшоп өтті

Қазақстан-Неміс университеті (DKU) — Германияның Орталық Азиядағы сыртқы ғылыми және білім беру саясатындағы негізгі жобалардың бірі. DKU 15 жылдан астам уақыт бойы Германияның Сыртқы істер министрлігінің қаржылай қолдауымен Неміс академиялық алмасулар қызметі (DAAD) арқылы қаржыландырылып келеді және неміс жоғары оқу орындарының консорциумымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Жыл сайын DKU және серіктес университеттердің өкілдері университеттің стратегиялық дамуын талқылау үшін воркшопқа жиналады. Биылғы кездесу 2025 жылдың 26-27 маусымында Техникалық университет Вильдау (ТУ Вильдау) базасында өтті. 2025 жылдың қаңтарынан бастап ТУ Вильдау DAAD жобасының үйлестірушісі және консорциум жетекшісі қызметін атқарады.

Воркшоп ашылуында ТУ Вильдау президенті профессор Ульрике Типпе, жобаның жетекшісі профессор Йенс Волленвебер және DKU президенті профессор Вольрад Роммель құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға Германиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің кеңесшісі және мәдениет бөлімінің жетекшісі Лейла Ашимжановада қатысып, Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

Кейін жобалық топ неміс тарапындағы қызмет пен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. DKU президенті профессор Вольрад Роммель университеттің даму бағыттары мен соңғы өзгерістері туралы айтып өтті. Келесі кезеңде қатысушылар DKU мен неміс серіктес университеттері арасындағы академиялық ынтымақтастықтың түрлі аспектілерін төрт топта талқылады. Талқылау тақырыптарына Flying Faculty бағдарламасының келешегі, консорциум ішіндегі коммуникация, DKU-дің Еуропа мен Орталық Азиядағы танымалдығы және оқу бағдарламаларын ілгерілету мәселелері кірді.

Келесі күні жұмыс топтарының нәтижелері ұсынылып, болашақ қадамдар талқыланды. Қорытынды бөлімде барлық тараптардың белсенді қатысуы мен жылы атмосферасы атап өтілді. Келесі воркшоп 2026 жылы Циттау/Гёрлиц университетінде өтеді деп жоспарлануда.