Резидент еместерге салық салу туралы не білуіңіз керек, қандай ерекшеліктерді ескеру керек, есептеуді қалай жүргізу керек?
Осы және басқа да көптеген сұрақтарға Бизнес-Процестерді Аутсорсинг/Rödl&Partner Бөлімінің Басшысы Тұрехан Ахметов 2023 жылдың 10 ақпанында ДКУ-да өткен резидент еместерге салық салу ерекшеліктері туралы қонақ дәрісі аясында жауап берді..
ФЭП-тің 2 курс студенттері салық салудың практикалық аспектілерімен танысты, нақты жағдайларды талдап, есептеулер жүргізді.
Қонақ дәрісі қаржы саласындағы болашақ мамандарымыз үшін серпінді, қызықты және керемет пайдалы болды.
Біз Rödl&Partner және Тұрехан Ахметовке ашықтығы, белсенділігі және жоғары кәсібилігі үшін алғыс айтамыз!