2023 жылғы 12 мамырда DKU — да "Орталық Азия-Қытай: жағдайы мен болашағы" атты ғылыми конференция өтеді.
Іс-шараны Қазақстан-Германия университетінің Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институты, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы және "Бір белдеу және бір жол"сараптамалық клубы ұйымдастырады.
Ғылыми конференция жұмысына Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының қызметкерлері, ҚР СІМ жауапты қызметкерлері, жетекші қазақстандық ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарының сарапшылары қатысады.
Қазіргі әлем өзгерістермен ғана емес, тұрақсыздықпен де сипатталатын терең қайта құру кезеңінде. Осыған байланысты жақсы көршілер мен серіктестер болып табылатын Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен сенімді, әріптестік қатынастарды нығайту ерекше маңызға ие. 2022 жылы Орталық Азия мен Қытай басшылары біртұтас тағдыр қауымдастығын құру туралы жариялады. Нәтижесінде елдеріміз арасындағы стратегиялық өзара іс-қимыл жаңа деңгейге көтерілді. Өткен жылы өңір мен ҚХР елдерінің тауар айналымы рекордтық деңгейге жетті-7 70,2 млрд. Қытайдың Орталық Азия елдеріне тікелей инвестицияларының көлемі 1 15 млрд. құрады.
Биылғы мамыр айында Сиань қаласында өтетін "Орталық Азия — Қытай" саммиті елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікті, өзара тиімді ынтымақтастықты және достықты одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосады деп үміттенеміз.
Іс-шара аралас форматта өтеді: қатысушылардың саны шектеулі офлайн және ZOOM платформасында онлайн.
Конференцияға қатысу мәселелері бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласыңыз: kilmakayeva@dku.kz