Loading...
Главная Новости НИИМиРС выпустил сборник материалов международной научно-практической конференции «Устойчивое развитие нефтегазового сотрудничества Казахстана и Китая»

НИИМиРС выпустил сборник материалов международной научно-практической конференции «Устойчивое развитие нефтегазового сотрудничества Казахстана и Китая»

Жауапты редактор: Б. К. Сұлтанов.

Құрастырушы: К. М. Килмакаева.

Осы жинақ 2022 жылғы 30 қарашада Алматыда өткен "Мұнай-газ саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы" халықаралық ғылыми конференциясының баяндамалары негізінде дайындалды.

Аталған ғылыми форумды Қазақстан-Германия университетінің халықаралық және өңірлік ынтымақтастық институты, CNPC Central Asia and Russia, China Petroleum Daily, "Бір белдеу және бір жол"Сарапшылар клубы ұйымдастырып, өткізді.

Алматы мен Бейжің алаңдарында офлайн және онлайн форматта өткен конференция жұмысына қытайлық сарапшылар, қазақстандық ғылыми институттардың ғалымдары және ҚР жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Форумға қатысушылардың баяндамаларында Қазақстан мен Қытайдың өзара тиімді мұнай-газ ынтымақтастығының негізгі аспектілері қарастырылды. CNPC корпорациясының Қазақстан Республикасындағы 25 жылдық жұмысының нәтижелеріне ерекше назар аударылды.

Жинақ саясаттанушыларға, халықаралық қатынастар, мұнай-газ саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы мәселелерімен айналысатын сарапшыларға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы "CNPC International Kazakhstan"қолдауымен жарық көрді.

Жинақ сату үшін шығарылмаған және тегін таратылады.

Кітап мына сілтеме бойынша қол жетімді.