Қазақстан-Неміс Университеті (ҚНУ) Қазақстан мектептерінің оқушыларын неміс тілінен шешендік өнер конкурсына қатысуға шақырады.
Конкурс 2025 жылдың 1 қарашасында өтеді.
Өтетін орны: Қазақстан-Неміс Университеті (Назарбаев даңғылы, 173, Құрманғазы көшесінің қиылысы), конференц-зал.
Мақсаты: Оқушылардың неміс тіліне деген қызығушылығын арттыру, көпмәдениеттілік пен көптілділік контексінде уәждемесін күшейту; шешендік өнер арқылы интеллектуалдық, шығармашылық және эстетикалық дамуына ықпал ету.
Қатысу шарттары:
Қатысушылар 2025 жылғы 27 қазанға дейін өтінім мен өз сөзінің қысқаша бейнеролигін (жақсы сапада) dku.deutsch@gmail.com поштасына жіберуі қажет.
Жұмыстармен танысқаннан кейін қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері қатысуды растау хатын жібереді.
Тақырыптар:
Қатысу форматы: офлайн
Тіркелу: 9:30
Іс-шара уақыты: 10:00–15:00
Өтінім формасын мұнда таба аласыз.
Баяндамаларды бағалау критерийлерімен танысу үшін конкурс ережесін осы жерден қараңыз.
27 қазаннан кейін жіберілген өтінімдер қабылданбайды.