Loading...

Мемлекеттік грантты өтеу мәселелері бойынша онлайн кездесу

Құрметті мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) негізінде білім алып жатқан бітіруші курс білім алушылары!

03 сәуір күні "Қаржы орталығы" АҚ өкілдерімен арнайы бітіруші курс студенттеріне арналған ақпараттық түсіндіру онлайн кездесуі өтеді. Спикер - «Қаржы орталығы» АҚ Жас мамандардың міндетті өтеуін мониторингтеу департаментінің аға маманы Туктыбаева Балнур Жарылкасынқызы.

Кездесу барысында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша грант негізінде білім алған студенттер мен магистранттардың білім алуына бөлінген мемлекет қаржысын жұмыс істеу арқылы өтеу шарттары мен ережелері, жұмыс орындарына бөліну, жолдама алу және т.с.с. өзекті мәселелер талқыланады.

Кездесуге мемлекеттік білім гранты негізінде оқып жатқан бітіруші курс студенттері, магистранттары және барлық қызығушылық танытқан білім алушылар шақырылады.

Іс-шараның басталуы - сағат 16:00-де.

Қосылу сілтемесі: https://dku-projekt.webex.com/dku-projekt/j.php?MTID=m14c4069ccfb12fd1404f9c49e2ec881a