Loading...

Кегенбеков Жандос Қадырханұлы – 2025 жылдың үздік жоғары оқу орнының оқытушысы

«2025 жылдың үздік жоғары оқу орнының оқытушысы» байқауының қорытындысы бойынша Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Кегенбеков Жандос Қадырханұлына «2025 жылдың үздік оқытушысы» құрметті атағы берілді.

Бұл марапат кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері, білім беру үдерісін дамытуға қосқан елеулі үлесі, заманауи педагогикалық технологияларды енгізуі, сондай-ақ белсенді ғылыми-әдістемелік және зерттеу жұмыстары үшін тағайындалады.

Байқауға Қазақстан Республикасының 89 жоғары оқу орнынан барлығы 502 үміткер қатысты.

«Үздік жоғары оқу орнының оқытушысы» атағын еліміздің 37 жоғары оқу орнынан 150 адам иеленді, олардың қатарында Кегенбеков Жандос Қадырханұлы да бар.

Байқау аясында электрондық білім беру ресурстары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, патенттер және оқытушылардың өзге де нәтижелері бағаланды. Сонымен қатар, оқыту сапасына, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

Аталған атақтың берілуі педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін, кәсібилікті, академиялық жауапкершілікті және жоғары білім сапасы қағидаттарына адалдықты растайды.

Университет ұжымы Кегенбеков Жандос Қадырханұлын «2025 жылдың үздік жоғары оқу орнының оқытушысы» атағымен шын жүректен құттықтап, алдағы кәсіби қызметінде толағай табыстар, жаңа ғылыми жетістіктер және жемісті педагогикалық қызмет тілейді.