12 мамыр күні Қазақстан-Германия университетіне (DKU) Германияның Хоф қолданбалы ғылымдар университетінің өкілдері: информатика факультетінің декан орынбасары профессор Себастьян Лойот, Computer Science бағдарламасының жетекшісі профессор Иоханнес Михаэль және осы университеттің студенттер тобы келді.
DKU басшылығымен кездесуде тараптар университеттегі жаңа Computer Science бакалавриат мамандығы бойынша қос диплом бағдарламасын кеңейту, академиялық мобильділікті дамыту және бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін талқылады. Университеттер арасындағы білім беру әдістерін үйлестіру мен тұрақты академиялық байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Қонақтар DKU зертханаларын аралап, оқу үдерісінде қолданылатын техникалық инфрақұрылыммен және заманауи шешімдермен танысты.
Хоф университеті өкілдерінің сапары DKU мен Германияның жетекші университеттері арасындағы белсенді ынтымақтастықты және халықаралық серіктестікті одан әрі дамытуға деген ұмтылысты растады.