8 қазанда Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі, доктор Хайке Ренате Пайч Қазақстан-Неміс университетіне (DKU) келді.
Сапар аясында Елші DKU президенті, профессор Вольрад Роммельмен кездесті. Кездесуге университеттің вице-президенті Асхат Жылқайдаров және серіктестікті дамыту бөлімінің басшысы Арыстанбек Құрманғалиев те қатысты.
Тараптар жоғары білім, ғылым және мәдени алмасу салаларындағы қазақстандық-германиялық ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және академиялық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Қазақстан-Неміс университеті халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстан мен Германияның академиялық тәжірибесін ұштастыра отырып, білікті мамандар даярлау арқылы екі ел арасындағы әріптестікті нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.
Бұл сапар білім мен ғылым салаларындағы екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту жолындағы маңызды қадам болды.