Германиядағы DKU және Yessenov University делегациясы

Бұрын хабарланғандай, Ақтаудағы Қазақ-Неміс университетінің бастамасымен Yessenov университетінің базасында неміс инженерлік институты құрылып, онда неміс білім беру стандарттары бойынша жоғары білікті маман инженерлер даярланатын болады.

Биылдың өзінде неміс инженерлік институты «Логистика» және «Энергетика және қоршаған ортаны қорғау инженериясы» бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды бастауды жоспарлап отыр.

27 наурыз бен 1 сәуір аралығында Қазақстан-Неміс университетінің президенті доктор Вольрада Роммель және Yessenov университетінің президенті Б.Б. Ахметова неміс инженерлік институты мен неміс университеттері арасындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Германияда жұмыс сапарымен жүр.

Гамбург қолданбалы ғылымдар университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ Анхальт университетімен (Hochschule Anhalt) және Вилдау техникалық университетімен (Technische Hochschule Wildau) келісімдерге қол қойылды.

Германияның осы жетекші техникалық университеттерімен ынтымақтастық келісімі жаңа институтта неміс білім беру стандарттарын енгізуге, сонымен қатар тәжірибе алмасуға, неміс профессорларын Ақтауға шақыруға және қос диплом бағдарламасын енгізуге мол мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Қазақстан-Неміс университеті мен Есенов атындағы университет президенттерінің Германия Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен жаңа институт пен ГФР СІМ жұмысын қолдау бойынша келіссөздер жүргізу жоспарлануда.

Неміс университеттерімен жасалған келісімдер туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында және әлеуметтік желілерде де бар.

Ақпарат келесі сілтемелерде қолжетімді:

https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/529330?lang=ru

https://www.facebook.com/photo?fbid=193187606796939&set=a.181238224658544