Loading...

DKU президенті профессор Волрад Роммель Қазақстан Президентінің Германияның жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесуіне қатысты

Берлин, 2026 жылғы 29 қыркүйек. Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) президенті профессор, доктор Волрад Роммель Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияның жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары және ғылыми институттарының басшыларымен кездесуіне қатысты.

Кездесу Мемлекет басшысының Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары аясында өтіп, жоғары білім мен ғылым салаларындағы Қазақстан-Германия ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелеріне арналды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті. Негізгі бағыттар қатарында бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос дипломды бағдарламаларды дамыту, академиялық ұтқырлықты арттыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, технологиялар трансфері және өнеркәсіппен өзара іс-қимыл мәселелері атап өтілді. Жасанды интеллект, цифрландыру және Industry 4.0 бағыттарындағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды.

Бұл бағыттардың Қазақстан-Неміс университеті үшін маңызы ерекше. 25 жылдан астам уақыт бойы DKU Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың маңызды академиялық платформасы ретінде қызмет етіп келеді. Университет Германияның жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдарымен серіктестікті, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды тұрақты түрде дамытып келеді.

Профессор Вольрад Роммель бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру, халықаралық ғылыми желілерді қалыптастыру, сондай-ақ жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен бизнес арасындағы тікелей байланыстарды нығайту арқылы ынтымақтастықтың осы моделін одан әрі дамытуға дәйекті түрде қолдау көрсетіп келеді.

DKU президентінің кездесуге қатысуы Қазақстан-Неміс университетінің Қазақстан мен Германия арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтудағы белсенді рөлін айқындап, осы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.