«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының студенттері — Лилия Ким, Антонина Тлеулиева, Анна Лисиченко, Елизавета Брежнева және Милана Попова Германиядағы серіктес университет Hochschule Rhein-Waal-де қос диплом және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқи отырып, Брюссельдегі Еуропалық комиссияға оқу сапарымен барды.
Еуропалық Одақтың басты институттарының бірін аралау — ЕО мен оның шегінен тыс миллиондаған азаматтарға әсер ететін шешімдер қалай қабылданатынын түсіну үшін ерекше мүмкіндік болды. Сапар барысында студенттер Еурокомиссияның құрылымы мен функциялары туралы көбірек білді, сарапшылармен сұхбаттасты, сұрақтар қойып, пікірталастарға қатысты және еуропалық демократияның нақты қалай жұмыс істейтінін тәжірибеде сезінді.
Мұндай сапарлар оқу үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады және студенттердің академиялық әрі кәсіби көкжиектерін кеңейтіп, қазіргі халықаралық үдерістерді терең түсінуге ықпал етеді.