Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» өткен жылдың қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларының рейтингін жариялады. Рейтинг нәтижелеріне сәйкес Қазақстан-Неміс университеті бакалавриат даярлау бағыттарының бірқатары бойынша көшбасшылар қатарына енді.
Рейтинг жыл сайын Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» тарапынан дайындалады.
Университетіміздің жетекші орындарға ие болған білім беру бағдарламалары (1–4 орындар):
Биылғы рейтинг аясында 95 173 түлектің деректері талданып, 100-ден астам сарапшы тартылды және 2031 білім беру бағдарламасы бойынша 117 рейтинг қалыптастырылды. Бағалау төрт негізгі блок бойынша жүргізілді, оның ішінде түлектердің мансаптық перспективаларына ерекше назар аударылды: жұмысқа орналасу деңгейі, жұмыс іздеу ұзақтығы және медианалық жалақы көрсеткіші жалпы бағалаудың жартысына жуығын құрады.