Қазақстан-Неміс Университеті 2026 жылдың 1-ші сәуір күні «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XVIII Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференцияны өткізеді. Конференция онлайн режимінде өтеді.
Қазіргі қоғамның дамуы геосаясат, қаржылық және энергетикалық тұрақсыздықтарға, азық-түлік, экологиялық жэне ақпараттық қауіпсіздікке, ғылыми-техникалық жэне технологиялық бәсекелестік үрдістеріне байланысты үлкен өзгерістер мен жаңа жаһандық тәуекелдер үстінде.
Орталық Азия мемлекеттерінде қалыптасқан экономикалық жэне әлеуметтік-саяси жағдайлардың салдарынан осы мемлекеттерде тұрақты жэне қарқынды даму болашағын қарастыруға болады ма? Мемлекеттің даму стратегиясы жаһандық бэсекелестік пен аймақтық күштерге байланысты қандай болуы қажет? Қазіргі жағдайға байланысты Қазақстан қарқынды даму үшін қандай мүмкіншіліктерге ие? Барлық осы мәселелер халықаралық конференция барысында талқыланатын болады.
Ғылыми конференция төмендегі алты бағыт бойыншы өтеді:
Өтетін орны және уақыты: Алматы қ., Қазахстан-Неміс университеті, Назарбаев даңғылы, 173(https://go.2gis.com/w41jm2)
Конференцияның ашылуы: 10:00.
Жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша, немісше
Қатысушыларды тіркеу 3 наурызға дейін!
Барлық сұрақтар бойынша DKU -дың Ғылым және инновациялық зерттеулер бөліміне хабарласыңыздар. Байланыс түрі: arimbekova@dku.kz, +7(727)3550551 (ішкі № 234).
Студенттер мен магистранттарды біздің конференцияда баяндама жасап, белсенділік танытуға шақырамыз!
Қатысу шарттарымен және ғылыми мақалаларды жазуға қойылатын талаптармен ОСЫ ЖЕРДЕ танысып, тіркеу формасын жүктеуге болады.