Loading...

«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XVII Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференция

Қазақстан-Неміс Университеті 2025 жылдың 1-ші сәуір күні «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XVII Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференцияны өткізеді. Конференция онлайн режимінде өтеді.

Қазіргі қоғамның дамуы геосаясат, қаржылық және энергетикалық тұрақсыздықтарға, азық-түлік, экологиялық жэне ақпараттық қауіпсіздікке, ғылыми-техникалық жэне технологиялық бәсекелестік үрдістеріне байланысты үлкен өзгерістер мен жаңа жаһандық тәуекелдер үстінде.

Орталық Азия мемлекеттерінде қалыптасқан экономикалық жэне әлеуметтік-саяси жағдайлардың салдарынан осы мемлекеттерде тұрақты жэне қарқынды даму болашағын қарастыруға болады ма? Мемлекеттің даму стратегиясы жаһандық бэсекелестік пен аймақтық күштерге байланысты қандай болуы қажет? Қазіргі жағдайға байланысты Қазақстан қарқынды даму үшін қандай мүмкіншіліктерге ие? Барлық осы мәселелер халықаралық конференция барысында талқыланатын болады.

Ғылыми конференция төмендегі алты бағыт бойыншы өтеді:

Секция I «Әлемдік тәртіпті трансформациялау жағдайындағы Орталық Азия».

Жауапты: Иванов Игорь – магистр, аға оқытушы.

Байланыс: ivanov@dku.kz.

Секция II «Цифрландыру жағдайындағы экономиканы дамытудың сын – қатерлері мен перспективалары».

Жауапты: Першина Ирина – аға оқытушы.

Байланыс: pershina@dku.kz

Секция III «Жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы Логистика: жеткізу тізбегінің бейімделуі және тұрақтылығы».

Жауапты: Тайсаринова Айслу – магистр, аға оқытушы.

Байланыс: taisarinova@dku.kz.

Секция IV «Индустрия 4.0 және процестерді автоматтандыру».

Жауапты: Тұрсынбек Ерлан - магистр, аға оқытушы.

Байланыс: tursynbek@dku.kz

Секция V «Орталық Азияның энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігі: сын-тегеуріндер мен перспективалар».

Жауапты: Балғаев Нұржан – Ph. D. докторы, доцент.

Байланыс: balgaev@dku.kz.

Секция VI «Заманауи цифрлық білім: трендтер, кейстер, перспективалар».

Жауапты: Куценко Илья – магистр, оқытушы.

Байланыс: kutsenko@dku.kz

Өтетін орны және уақыты: Алматы қ., Қазахстан-Неміс университеті, Назарбаев даңғылы, 173(https://go.2gis.com/w41jm2)

Конференцияның ашылуы: 10:00.

Жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша, немісше

Тіркелу қажет. Қатысу шарттары, тіркеу формасы және ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптары туралы ақпаратты ОСЫНДА қараңыз.

Барлық сұрақтар бойынша DKU -дың Ғылым және инновациялық зерттеулер бөліміне хабарласыңыздар. Байланыс түрі: arimbekova@dku.kz, +7(727)3550551 (ішкі № 234).

Студенттер мен магистранттарды біздің конференцияда баяндама жасап, белсенділік танытуға шақырамыз!