13 қараша 2024 жылы Қазақстан-Неміс университетінде Тілдік дайындық және сертификациялау институтының ұйымдастыруымен 10-11(12) сынып оқушылыраның арасында, кезекті «Шешендік өнер – 2024» Республикалық байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың көптілділік пен полимәдениет тұрғысынан қазақ тілін үйренуге қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру арқылы шығармашылық, интеллектуалдық және эстетикалық дамуын нығайту. Байқауға Алматы қаласының мектеп-гимназияларынан, Назарбаев зияткерлік мектебінен, Еңбекшіқазақ ауданының, Іле ауданының орта мектептерінен келген 9 оқушы қатысты.
Оқушылар сөз шеберліктерін көрсетіп, қазақ жазушыларының шығармаларынан үзінді, Абайдың қара сөздерін, би-шешендердің сөздерін жатқа оқыды.
Байқаудың қорытыныдылары бойынша:
І орынға – Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек орта мектебінің 10 сынып оқушысы Тәжібай Дарын,
ІІ орынға – 53 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Жаңғабыл Ерғұлан,
ІІІ орынға – 84 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Алмат Диана иеленді.
Жүлделі орындарға ие болған оқушылар DKU дайындаған бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға университет атынан Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етілді.