Loading...

Қазақстан-Герман университеті мен Svevind Energy GmbH арасында Келісімге қол қойылды

Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) және Германиядан келген серіктестердің көмегімен Ақтауда Yessenov University базасында Маңғыстау тұрақты инженерия мектебі іске қосылып жатыр. Биылдың өзінде мұнда «Логистика» және «Энергетика және қоршаған ортаны қорғау инженериясы» білім беру бағдарламалары бойынша оқыту басталады.

Маңғыстау тұрақты инженерия мектебі Маңғыстау облысындағы «Svevind Energy GmbH» неміс-швед тобының бастамасымен құрылысы жоспарланған жаңа жасыл сутегі өндіру зауытында жұмыс істеу үшін жоғары білікті мамандар даярланатын негізгі оқу орнына айналады. .

Ағымдағы жылдың 14 наурызында DKU президенті, доктор, профессор Вольрад Роммель мен Svevind Energy GmbH техникалық директоры Питер Бернхардт 30 мың еуро көлемінде оқыту бағдарламасын ішінара қаржыландыру туралы Келісімге қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында 2 миллион тонна «жасыл» сутегін өндіретін зауыт салу жобасын Hyrasia Energy (Svevind Energy GmbH еншілес компаниясы) жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны шамамен $50 млрд құрайды, ал өндірілетін «жасыл» электр қуаты 40 ГВт. Жобаны іске асыру құрылыс кезеңінде шамамен 3500 жұмыс орнын және нысандарды кезең-кезеңімен іске қосу кезінде 1800-ге жуық жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жасыл сутегі әртүрлі салаларда, соның ішінде тыңайтқыштар үшін аммиак өндірісінде, электр көліктері мен басқа көліктерге арналған сутегі отын элементтері, болат пен басқа металдар өндірісінде қолданылуы мүмкін. Ол неғұрлым тұрақты және таза энергияға көшудің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.