Loading...

Қазақcтан-Неміс университетінде II Жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік форум өтті

2025 жылғы 15-17 сәуір аралығында Қазақстан-Неміс университетінде «Білім сапасын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында II Жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік форум өтті.

Үш күн бойы университеттің оқытушылары мен қызметкерлері білім беру үдерісінің негізгі аспектілерін белсенді талқылап, кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту және ғылыми қызметтегі табысты тәжірибелерін ортаға салды.

Форумда білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын іздеуге, заманауи оқыту әдістерін енгізуге және ғылымды білім беру ортасына интеграциялауға ерекше назар аударылды. Қатысушылар университеттің тұрақты дамуына бағытталған ұсыныстар әзірледі.

Форумның соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.