Loading...

Қазақcтан-Неміс университетінде Deutschlehrer*innentag өтті - неміс тілі мұғалімдері үшін маңызды оқиға

2025 жылғы 3–4 мамырда Алматы қаласындағы Қазақстан-Неміс университетінде (DKU) Гёте-Институтымен бірлесе отырып ұйымдастырылған Deutschlehrer*innentag — Неміс тілі мұғалімдерінің күні өтті. Бұл маңызды іс-шара Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген неміс тілі мұғалімдері үшін кәсіби даму мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.

Іс-шараға Қазақстан мен Қырғызстанның әртүрлі қалаларынан 100-ден астам неміс тілі мұғалімдері қатысты.

Ресми ашылу салтанатында DKU президенті профессор доктор Вольрад Роммель, Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы мырза Маттиас Кислер және Қазақстандағы Гёте-Институтының тілдік бағдарламалар жетекшісі Марек Грыглевич құттықтау сөз сөйледі.

Екі күндік мазмұнды бағдарлама барысында қатысушылар әдістемелік семинарларға қатысып, заманауи педагогикалық тәсілдер мен цифрлық құралдарды талқылап, әріптестерімен тәжірибе алмасып, жетекші неміс баспаларының авторлары және өкілдерімен жұмыс істеді.

Еуропадан (тек Германиядан емес) келген сарапшылардың қатарында Йена қаласындағы Фридрих Шиллер атындағы университеттің профессоры доктор Херманн Функ, Берлиннің Еркін университетінен Тобиас Штюдеманн, Ernst Klett Sprachen баспасынан Дженнифер Сванда, Hueber баспасынан доктор Юлия Пивовар, сондай-ақ Cornelsen баспасынан Сюзанна Шнайдер мен Ариан Бодоин болды. Сонымен қатар, семинарларды Қазақстандағы Неміс тілі мұғалімдері қауымдастығы, Шетелдегі мектептер жөніндегі орталық басқарма (ZfA), Герман академиялық алмасу қызметі (DAAD), «Видергебурт» қоғамдық қоры және Қазақстандағы Гёте-Институтының өкілдері өткізді.

Deutschlehrer*innentag іс-шарасы Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен жүзеге асты. Бұл шара елімізде неміс тілін оқыту ісінің дамуына және Қазақстан мен Германия арасындағы академиялық байланыстардың нығаюына елеулі үлес қосты.