Loading...

Қазақ-Неміс Тұрақты Инжиниринг Институтында (KINI) AKTANTEN жобасы аясында Германияның жетекші университеттерінің профессорларымен кездесу өтті

17 ақпанда Ақтаудағы Қазақ-Неміс Тұрақты Инжиниринг Институтында (KINI) AKTANTEN жобасы аясында Германияның жетекші университеттерінің профессорларымен кездесу өтті.

Бұл жобаның басты мақсаты – KINI-де энергетика және логистика салаларында магистрлік бағдарламаларды әзірлеу, сондай-ақ докторантура шеңберінде ғылыми зерттеулерді дамыту. Сонымен қатар, жобаның негізгі бағыттарының бірі – KINI, DKU, Yessenov University және Германияның жетекші университеттері (HAW Hamburg, TU Berlin және TU Darmstadt) арасындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту. Осы ынтымақтастық аясында академиялық әлеуетті нығайтуға бағытталған бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

Профессор Волрад Роммель DKU-дың бірлескен жобалар аясында түрлі зерттеулер жүргізуге және ғылыми ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын білдіріп, оның инновациялық әлеуетін жоғары бағалады. Ол Қазақстан мен Германия арасындағы ғылым, инновация және білім беру салаларындағы стратегиялық әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Делегация сонымен қатар жасыл сутегі өндіретін зауыттың құрылысымен айналысатын Hyrasia One компаниясының кеңсесіне барды. Қонақтар жобаның мақсаттарымен, технологиялық шешімдерімен және болашақ жоспарларымен танысып, энергетика, логистика және менеджмент салаларында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.