Loading...

Алғыс Айту Күні Құтты Болсын

Құрметті Қазақстандықтар!

Қазақстан-германия Университеті Сіздерді Алғыс айту күнімен Шын жүректен Құттықтайды!

Бұл күні біз қарапайым адамдар мен әдемі елімізде тұратын халықтар арасындағы өзара түсіністікті, сыйластықты, достық пен келісімді ерекше атап өтеміз.

Алғыс Айту Күні көктемнің алғашқы күні 1 Наурызда атап өтілуі кездейсоқ емес. Бұл күні Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. Біздің ортақ үйіміздегі, Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен келісім-біздегі ең маңызды құндылық. Бұл ұлттық және этникалық тегіне қарамастан барлық Қазақстандықтардың жоғары мәдениеті мен даналығының нәтижесі. Бұл үшін бір-бірімізге алғыс айтайық!

Әрқайсымызға күнделікті өмірде де, жұмыста да алғыс сөздер қажет. Жақсы қарым-қатынас пен игі істер үшін басқаларға алғыс айта білу-өте маңызды қасиет.

Бізбен бірге болған адамдарға жиі алғыс айтайық. Біздің Қазақстан нығайып, өркендей берсін. Баршаңызға рахмет!