Loading...

Алматыдағы Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Маттиас Кислер Германияның әлемдегі рөлі туралы дәріспен Қазақ-Неміс университетіне келді

DKU Talk аясында 24 сәуір күні университет қабырғасында Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы, Матиас Кислер мырзаны қарсы алу біз үшін үлкен құрмет болды.

Оның баяндамасының тақырыбы — „Deutschlands Rolle in einer sich verändernden Welt: Herausforderungen und Chancen in Zeiten globaler Krisen“ («Өзгермелі әлемдегі Германияның рөлі: жаһандық дағдарыстар дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер») — іс-шараға қатысқан студенттер мен университет оқытушыларының қызығушылығын оятты. Кислер мырза Германияның жаһандық өзгерістер жағдайындағы рөлі, халықаралық саясат, орнықты даму және халықаралық ынтымақтастықтың болашағы туралы кеңінен айтып берді.

Баяндама аяқталғаннан кейін ашық пікірталас өтті, онда студенттер белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті. Диалог өте мазмұнды болып, жастар мен дипломатиялық қоғамдастық өкілдері арасындағы ашық пікір алмасудың маңыздылығын көрсетті.