Қазақстан-Неміс университеті (DKU) Сіздерді ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған 10-11(12) сынып оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін «Шешендік өнер Байқауы-2025» сайысына қатысуға шақырады.
Сайыс 14 қараша 2025 жылы Қазақстан-Неміс университетінде, офлайн форматында өтеді. Сайысқа қатысу үшін 2025 жылдың 31 қазанына дейін soltanbekova@dku.kz поштасына өтінім жіберу керек (өтінімнің үлгісі төменде көрсетілген).
Өтінім формасын МҰНДА жүктеп алуға болады.
Сайыс DKU Тілдік дайындық және сертификациялау Институтының негізінде өткізіледі.
Бұл іс-шараның мақсаты: оқушылардың көптілділік пен полимәдениет тұрғысынан қазақ тілін үйренуге қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру арқылы шығармашылық, интеллектуалдық және эстетикалық дамуын нығайту.
Сайыс келесі ережелер бойынша өткізіледі:
Барлық сұрақтар бойынша soltanbekova@dku.kz Солтанбекова Ғалия Әлібекқызы (+7 705 463 2314) хабарласуға болады.