Loading...
DAAD 100 жылдық мерейтойын атап өтуде

Биыл Германия Академиялық Алмасу Қызметі (DAAD) өздерінің 100 жылдығын атап өтуде.
Қазақстан-Неміс Университеті (DKU) DAAD ұйымын осы маңызды мерейтойымен шын жүректен құттықтайды және ұзақ жылдар бойғы серіктестігі, сенімі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді.

2007 жылдан бері DKU DAAD және Германияның Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, білім беру және ғылыми жобаларды табысты жүзеге асырып келеді. Қаржылай қолдаудың арқасында жүздеген студенттер мен көптеген оқытушылар Қазақстанда да, Германияда да білім алып, тағылымдамадан өтіп, кәсіби дамуға мүмкіндік алды.

Бұл ынтымақтастық білім алмасуға, мәдени байланыстарды нығайтуға және елдеріміз арасындағы өзара түсіністікті арттыруға ықпал етеді. DKU студенттері Еуропаны танып, неміс тілін жетілдіріп, халықаралық академиялық қауымдастықтың бір бөлігіне айналуда.

Сіздерге DKU студенттері мен қызметкерлерінің құттықтаулары мен тілектерін ұсынамыз!


DAAD 2025−2027 өзекті жобасы

2007 жылдан бастап Қазақстан-Неміс Университеті (DKU) Германияның Сыртқы істер министрлігі мен Германия Академиялық Алмасу Қызметінің (DAAD) әртүрлі жобалары аясында қаржылай қолдау алып келеді.
2025 жылдан 2027 жылға дейін бұл қолдаудың ұзартылғанын қуана хабарлаймыз. Жаңа жоба DKU-дың оң даму бағытын жан-жақты қолдауға, сондай-ақ университеттің Германиядағы көптеген серіктестерімен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.

Қазіргі DAAD жобасы — «Қазақстан-Неміс Университетін (DKU) халықаралық желілік университет ретінде дамыту» — 2027 жылы аяқталмақ және Вильдау техникалық жоғары мектебі тарапынан белсенді қолдау табуда. Жоба кеңсесі осы оқу орнында орналасқан және DKU-дағы жоба кеңсесімен тығыз жұмыс істейді.

Екі жоба тобының құрамы мына сілтемеде қолжетімді: https://www.dku-projekt.de/de/das-projekt/

DKU СТУДЕНТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖАҚСАРТУ, ИНТЕРНАЦИЛИЗАЦИЯ
  • студенттерге жазғы және қысқы қарқынды тілдік курстар өткізу;
  • DKU профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін қарқынды тілдік курстар өткізу;
  • консорциум қатысушыларының жоспарланған отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • «Орталық Азияда модульдік пәндерді оқыту» бағдарламасы бойынша неміс жоғары оқу орындарының студенттерін DKU-ға шақыру және оларға қолдау көрсету;
  • DKU-да жыл сайынғы Халықаралық жазғы университетті ұйымдастыру және өткізу;
  • Қызметкерлер үшін Германияда тілдік курстады ұйымдастыру және қаржылық қолдау көрсету.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН FLYING FACULTY-ДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ, DKU-ДАҒЫ ПРОЦЕСТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ
  • неміс оқытушыларын іздеу (Flying Faculty), олардың жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау;
  • неміс әріптестерімен ынтымақтастықта оқу бағдарламаларын дамыту;
  • DKU-дың Германия мен Орталық Азиядағы университеттермен және іскери серіктестермен байланыстарын нығайту;
  • DKU студенттеріне Алматы қаласында және Германияда академиялық алмасу шеңберінде оқуға стипендиялар беру;
  • аккредиттеуді дайындау және өткізу кезінде DKU-ды жан-жақты қолдау;
  • DKU-дағы процестерді цифрландыруды қолдау.
DKU ІС-ШАРАЛАРЫН, БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖӘНЕ ЖОБАЛАРЫН ҚОЛДАУ
  • LogCentre қаржылық қолдау;
  • Cargo Bike Pilot жобасын қаржылық қолдау;
  • Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің іс-шараларын қаржылық қолдау;
  • «DKU Talks» пікірталас алаңын қаржылық қолдау;
  • Centre for Research & Graduate Education (CRGE) орталығын қаржылық қолдау;
  • студенттік жобаларды қаржылық қолдау.
Жобаның соңғы жаңалықтары

Жобаның соңғы жаңалықтарын төмендегі сілтемені басу арқылы біле аласыз: https://www.dku-projekt.de/en/