Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XII Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференция

Қазақстан-Неміс Университеті 2020 жылдың 9-шы сәуір күні «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XII Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференция өткізеді.

Қазіргі қоғамның дамуы геосаясат, қаржылық және энергетикалық тұрақсыздықтарға, азық-түлік, экологиялық жэне ақпараттық қауіпсіздікке, ғылыми-техникалық жэне технологиялық бәсекелестік үрдістеріне байланысты үлкен өзгерістер мен жаңа жаһандық тәуекелдер үстінде.

Орталық Азия мемлекеттерінде қалыптасқан экономикалық жэне әлеуметтік-саяси жағдайлардың салдарынан осы мемлекеттерде тұрақты жэне қарқынды даму болашағын қарастыруға болады ма? Мемлекеттің даму стратегиясы жаһандық бэсекелестік пен аймақтық күштерге байланысты қандай болуы қажет? Қазіргі жағдайға байланысты Қазақстан қарқынды даму үшін қандай мүмкіншіліктерге ие? Барлық осы мәселелер халықаралық конференция барысында талқыланатын болады.

Ғылыми конференция төмендегі төрт бағыт бойыншы өтеді:

Секция I «XXI ғасырдағы халықаралық қатынастардың трансформациясы».

Секция II «Заманауи экономика мен бизнестің өзекті мәселелері".

Секция III «Логистикалық, энергетикалық және экологиялық трендтер».

Секция IV «Заманауи цифрлік үрдістер».

Секция V «Білім беруді цифрландыру: мәселелері мен болашағы».

Өтетін орны және уақыты: Алматы қ., Қазахстан-Неміс Университеті, Назарбаев даңғылы 173.

Тіркеу: 09:30.

Конференцияның ашылуы: 10:00.

Жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Барлық сұрақтар бойынша DKU -дың Ғылым және инновациялық зерттеулер бөлімінің басқарушысы, т.ғ.к., доцент Тюлюбаева Динара Мұратбекқызына хабарласыңыздар. Байланыс түрі: tyulyubayeva@dku.kz, +7 (727)3550551 (ішкі № 231).

Студенттер мен магистранттарды біздің конференцияда баяндама жасап, белсенділік танытуға шақырамыз!

Ақпараттық хат 2020

Бөлісу