Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

XV Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференцияны

Қазақстан-Неміс Университеті 2023 жылдың 7-шы сәуір күні «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XV Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференцияны өткізеді. Конференция онлайн режимінде өтеді.

Қазіргі қоғамның дамуы геосаясат, қаржылық және энергетикалық тұрақсыздықтарға, азық-түлік, экологиялық жэне ақпараттық қауіпсіздікке, ғылыми-техникалық жэне технологиялық бәсекелестік үрдістеріне байланысты үлкен өзгерістер мен жаңа жаһандық тәуекелдер үстінде.

Орталық Азия мемлекеттерінде қалыптасқан экономикалық жэне әлеуметтік-саяси жағдайлардың салдарынан осы мемлекеттерде тұрақты жэне қарқынды даму болашағын қарастыруға болады ма? Мемлекеттің даму стратегиясы жаһандық бэсекелестік пен аймақтық күштерге байланысты қандай болуы қажет? Қазіргі жағдайға байланысты Қазақстан қарқынды даму үшін қандай мүмкіншіліктерге ие? Барлық осы мәселелер халықаралық конференция барысында талқыланатын болады.

Ғылыми конференция төмендегі алты бағыт бойыншы өтеді:

  • Секция I. Қазіргі жағдайдағы халықаралық қатынастар: жаңа мүмкіндіктер мен шектеулер".

Жауапты: Иванов Игорь — магистр, аға оқытушы.

Байланыстар: ivanov@dku.kz

  • Секция II. «Экономика: негізгі даму трендтері".

Жауапты: Першина Ирина, аға оқытушы.

Байланыстар: pershina@dku.kz

  • Секция III. «Логистикалық қызметтер нарығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары».

Жауапты: Аримбекова Перизат, доцент.

Байланыстар: arimbekova@dku.kz

  • Секция IV. «Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер».

Жауапты: Киселева Ольга — доцент, PhD.

Байланыстар: kiseleva@dku.kz

  • Секция V. «Энергитикалық жүйелер және жаңартылатын энергия технологиялары».

Жауапты: Шавдинова Мадина — магистр, аға оқытушы.

Байланыстар: shavdinova@dku.kz

  • Секция VI. «Қазіргі заманғы цифрлық білім беру: тенденциялар, жағдайлар, перспективалар».

Жауапты: Куценко Илья — магистр, аға оқытушы.

Байланыстар: kutsenko@dku.kz

Өтетін орны және уақыты: Алматы қ., Қазахстан-Неміс университеті, Назарбаев даңғылы, 173.

Конференцияның ашылуы: 10:00.

Жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша, немісше.

Қатысу шарттары — https://yadi.sk/i/-TkFlcwX63c1aQ

Тіркеу түрі - https://yadi.sk/i/5FjBbB-z6CRhsA

Ғылыми мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар — https://yadi.sk/i/BVf2clioLQlF9g

Барлық сұрақтар бойынша DKU -дың Ғылым және инновациялық зерттеулер бөліміне хабарласыңыздар. Байланыс түрі: tyulyubayeva@dku.kz, +7 (727)3550551 (ішкі № 231).

Студенттер мен магистранттарды біздің конференцияда баяндама жасап, белсенділік танытуға шақырамыз!

Бөлісу