Студенттік конференциялар

Қазақстан-Неміс Университеті 2019 жылдың 1-ші наурыз күні «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XI Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференция өткізеді.

Қазіргі қоғамның дамуы геосаясат, қаржылық және энергетикалық тұрақсыздықтарға, азық-түлік, экологиялық жэне ақпараттық қауіпсіздікке, ғылыми-техникалық жэне технологиялық бәсекелестік үрдістеріне байланысты үлкен өзгерістер мен жаңа жаһандық тәуекелдер үстінде. Бүгінгі жаһандық сын-қатерлер түрғысынан Орталық Азиядағы негізгі ерекшеліктердің бірі халықаралық аренада болып жатқан жағдайларға тікелей байланысы. Екінші жағынан, кейбір Орталық Азия мемлекеттерінің «неоизоляционизм» форматында шектетілуі айтылады.

Орталық Азия мемлекеттерінде қалыптасқан экономикалық жэне әлеуметтік-саяси жағдайлардың салдарынан осы мемлекеттерде тұрақты жэне қарқынды даму болашағын қарастыруға болады ма? Мемлекеттің даму стратегиясы жаһандық бэсекелестік пен аймақтық күштерге байланысты қандай болуы қажет? Қазіргі жағдайға байланысты Қазақстан қарқынды даму үшін қандай мүмкіншіліктерге ие? Барлық осы мәселелер халықаралық конференция барысында талқыланатын болады.

Ғылыми конференция төмендегі төрт бағыт бойыншы өтеді:
Секция I «XXI ғасырдағы халықаралық қатынастардың трансформациясы».
Секция II «Жаһандану жағдайындағы экономикалық ғылымдардың жаңартылуы».
Секция III «Ағымдағы жаһандық цифрлік үрдістер: технологиялық аспектілер».
Секция IV «Жаһандану жағдайындағы көптілділік: мәселелері мен болашағы».

  • Өтетін орны және уақыты: Алматы қ., Қазахстан-Неміс Университеті
  • Тіркеу: 09:30.
  • Конференцияның ашылуы: 10:00.
  • Жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Барлық сұрақтар бойынша ҚНУ-нің Ғылым және инновациялық зерттеулер департаментінің директоры, т.ғ.к., доцент Тюлюбаева Динара Мұратбекқызына хабарласыңыздар. Байланыс түрі: tyulyubayeva@dku.kz, +7 (727)3550551 (ішкі № 218).

Студенттер мен магистранттарды біздің конференцияда баяндама жасап, белсенділік танытуға шақырамыз!



«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XI Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференцияға ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

  • Қатысу түрі: Секциялық отырыста баяндама жасау. Конференцияға студенттер мен магистранттар қатыса алады. Конференцияға қатысу, баяндама жасау және ғылыми еңбектерді жариялау тегін.
  • Тіркеу түрі мен абстрактыны қабылдау: конференцияға қатысу үшін тіркеу түрін толтыру керек (І қосымша). Тіркеу түрі мен абстракт баяндама тілінде 2019 жылдың 15 ақпанына дейін өткізілуі керек. Абстракт конференция мақсатына, жұмыс бағытына және баяндама тақырыбына сай болуы керек.
  • Іріктеу: 2019 жылдың 15 ақпанынан 21 ақпанға дейін.
  • Қатысушыларға жауап: 2019 жылдың 21 ақпан мен 24 ақпан аралығында беріледі.
  • Финал: 2019 жылдың 1 наурыз күні. Конференцияда іріктелген баяндамалар тыңдалады.

Абстракт көлемі 250−300 сөзден аспай, жұмыстың қысқа мазмұнын ашу керек. Абстракт құрылымы: зерттеу мақсаты, гипотеза, әдістеме, зерттеу жаңалығы, өздік жұмыс дәрежесі, зерттеу нәтижелерін практиқалық қолдану аймақтары, қорытынды.

Конкурстық комиссия отырысының нәтижесінде әрбір секция бойынша үздік жұмыстар іріктеледі. Үздік жұмыстар конференцияда баяндалады және ғылыми еңбектер жинағында жарияланады. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификат табысталады.

Конференцияға қатысу үшін толтырылған тіркеу түрі мен абстракты (І қосымша)баяндама тілінде 2019 жылдың 15 ақпанына дейін өткізу керек.

Жариялауға ұсынылған баяндамалар мақала түрінде 2019 жылдың 18 наурызына дейін секция бойынша жауаптыларға (секция координаторларына) жіберілуі керек. Мақала ІІ қосымшада көрсетілген талаптарға сай рәсімделу керек.


СЕКЦИЯЛАРДЫҢ КООРДИНАТОРЛАРЫ:

  • Секция I «XXI ғасырдағы халықаралық қатынастардың трансформациясы». Жауапты: Иванов Игорь, ҚНУ әлеуметтік және саяси ғылымдар факультетінің доценті. Байланыстар: ivanov@dku.kz.
  • Секция II «Жаһандану жағдайындағы экономикалық ғылымдардың жаңартылуы». Жауапты: Аскаров Даурен, ҚНУ экономика ғылымдары факультетінің доценті; Першина Ирина, ҚНУ экономика ғылымдары факультетінің доценті. Байланыстар: askarov@dku.kz, pershina@dku.kz
  • Секция III «Ағымдағы жаһандық цифрлік үрдістер: технологиялық аспектілер». Жауапты: Тюлюбаева Динара, ҚНУ инженерлі-экономика ғылымдары факультетінің доценті. Байланыстар: tyulyubayeva@dku.kz.
  • Секция IV «Жаһандану жағдайындағы көптілділік: мәселелері мен болашағы». Жауапты: Басанова Сандугаш, педагогикалық ғылымдар магистрі, ҚНУ Тілдер орталығының оқытушысы. Байланыстар: bassanova@dku.kz

Ұйымдастырушы комитет конференцияға қатысатын баяндамаларды, сонымен қатар конференцияның ғылыми еңбектер жиынтығына жариялауға арналған баяндамаларды таңдауға құқығы бар.