Размер шрифта:

Цветовая схема:

Басшылық

Др. Габриеле Штаунер

DKU-дың Қадағалаушы кеңестің төрағасы

Заң ғылымдарының докторы Габриеле Штаунер Бавария, Вольфратсхаузен қаласында дүниеге келген. Доктор Штаунер тілдер мен құқықты Мюнхен мен Парижде оқыған, аудармашы дипломы бар, ал 1984 жылы Людвиг-Максимилиан Университетінде (Мюнхен) құқық докторы дәрежесін алған. Доктор Штаунер мемлекеттік органдамен жұмыс жүргізу бойынша мол тәжірибесі бар, мысалы: БҰҰ, Еуропарламент ж.т.б. Ол Германия және басқа да шетелдік университеттерінде оқытушылық қызметімен белсенді түрде айналысады.
Қазіргі таңда Габриеле Штаунер Қазақстан-Неміс Университетінің Бақылау кеңесінің төрағасы болып табылады.


Др. Хайнц-Петер Хёллер

DAAD жобасының басшысы

Профессор Хайнц-Петер Хеллер Дармштадт Техникалық университетінде компьютерлік ғылымдар бойынша дипломын алып, ал доктор дәрежесін Бремен Университетінде алған.
Профессор Хеллер өз мансабын Дармштадт қаласының GMD неміс зерттеу институтында бастаған, қазіргі таңдағы атауы Фраунгофер-институт. Кейін ол Бремен университетінде ассистент болған. 1993 жылдан бастап Хайнц-Петер Хеллер Шмалькальден қолданбалы университетінде факультет деканы, кейін университет ректоры болып, қазіргі таңда деректерді жіберу саласында профессор болып табылады. Бүгінгі күні профессор
Хайнц-Петер Хеллер Қазақстан-Неміс Университеті дамуының неміс қолдауын ұйымдастыратын DAAD-жобасының төрағасы болып табылады.


Олеся Унгер

DKU президенті

Олеся Унгердің компанияларда жұмыс істеу 10 жыл тәжірибесі бар. Ол мансабын Қазақстандағы ПВХ-профилін өндіру бойынша зауытта бастаған, компанияның және персонал құрылымының дамуымен бизнесті қазақстандық серіктеске табыстауға дейін айналысқан. Олеся сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық тараптар арасындағы байланыстырушы буын бола отырып, басқа компанияларды іске қосу жөніндегі жобалармен жұмыс істеді. Бұдан басқа жаңа филиалдарды ашу және жаңа нарықтарда қызметін дамыту тәжірибесі бар.
Қазіргі таңда Олеся Алматы қаласындағы RSP International консалтингтік компаниясында жұмыс істейді, онда ол корпоративтік менеджмент, корпоративтік құқық, коммерциялық құқық, шарттық құқық және т.б. сияқты қызмет түрлерімен тығыз байланысты. 2020 жылдың 20 наурызында Олеся Унгер Қазақстан-Неміс Университетінің Президенті лауазымына тағайындалған. Оның өкілеттік мерзімі 2020 жылдың күзінде өтетін DKU Президенті сайлауына дейін созылады.


Ректордың міндетін атқарушы / Академиялық қызмет жөніндегі проректор — э.ғ.к. Ажибаева А.А.


Ғылым жəне технологиялар трансфері жөніндегі проректор — PhD Бейменбетов С.Т.

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор — з.ғ.д. Барбара Януш-Павлетта

Қаржы-әкімшілік басқармасының директоры — Розанова С.П.