Mobile Computing
Факультет инжиниринг және ақпараттық технологияларҰБТ/КТ–ға бейіндік пәндер: математика мен физика



«Қос диплом» бағдарламасы бойынша DKU-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орын:
University of Applied Sciences Schmalkalden
«Қос диплом» бағдарламасы бойынша DKU-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орын:
Technical University of Applied Sciences WildauInternationalDataCorporation зерттеу агентігінің мәліметтері бойынша, 2020 жылға дейін кәсіпорындардың 60% сандық экономикаға өтудің тұжырымдамаларын жасап, іске асыра бастайды. Бұл еңбек нарығында жоғары білікті IT-мамандар бұрын соңды болмаған сұранысқа ие болады дегенді білдіреді.
«Ақпараттық жүйелер» мамандығы аясында ҚНУ-да еуропалық стандарттарға сәйкес үш білім беру бағдарламасы іске асуда:
1) «Экономикадағы ақпараттық инжиниринг«;
2) «Телематика»;
3) «Mobile computing».
ҚНУ Германияның ірі жоғары оқу орындарымен: Шмалькальден қаласындағы Қолданбалы Ғылымдар Университеті мен Вильдау қаласындағы Техникалық Қолданбалы Ғылымдар Университетімен тығыз қарым-қатынаста ынтымақтастық жасайды. Бұл Қазақстандағы IT-білім беру нарығында көшбасшы позицияларда тұрақты орналасуымызға жағдай жасайды.
Біз мақтанатын нәрсе көп! 2013 жылдың 7 қазанынан бастап ҚНУ Cisco компаниясының ресми серіктесі болды және Қазақстандағы Cisco Желілік Академиясының қызмет істейтін бірінші серіктесі. 2014 жылдың 17 сәуірінен бастап ҚНУ Oracle компаниясы мен Oracle Академиясының ресми серіктесі болды.
«MOBILE COMPUTING» білім беру бағдарламасы
Mobile computing — бұл кез-келген географиялық нүктедегі өзіне қосылуды қамтамасыз ететін жүйелер, қолданушының ұдайы түрде орын ауыстыру барысында ақпарат алу мүмкіндігі, қосымшалардың тұрған орнына бейімділігі мен сезімталдығы. Бұл бағдарламаның аясында қосымшаның сипаттамасы, жобалануы мен код жасалуынан бастып, конфигурациялануы мен толық қамтылуына дейінгі қосымшаның өмірлік барлық кезеңдерін тиімді қолдай алатын мобильді қосымшалар мен жүйелер саласындағы мамандарды дайындаймыз.
Оқуға түсу талаптары

Модули
- Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерде деректерді өңдеу және беру
- IT ұйымдастыру және басқару
- Мобильдік Web-қосымша
- Графикалық пайдаланушы интерфейсін құру технологиясы
- Бизнес-қосымшаларды жобалау және модельдеу
Мансап
Жақын болашақта мобильді қосымшалар сегменті бағдарламалық қамсыздандыру бойынша кез келген жобалардың ажырамас бөлшегі болып табылады. Қазіргі таңда еңбек нарығы мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар жасаушылардың жетіспеушілігін бастан кешіп отыр. «Мобильді компьютинг» бағдарламасын табысты меңгергеннен кейін сіз табысты мансап құрып, ІТ индустриясында сұранысқа ие маман боласыз.
-
Студенттерді қолдаймыз
Өзіңіздің зияткерлік еңбегіңізбен оқуыңыз бен жүріп тұруыңызға шәкіртақы алыңыз.
-
Қос диплом бағдарламасы
DAAD қолдауымен халықаралық аккредитациядан өткен қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша білім алыңыз.
-
Германиядан оқытушылар
DKU-да Қазақстаннан ешқайда шықпай-ақ, Германиядан шақыртылған оқытушылардан білім аласыз
-
Оқуды шетелде жалғастыру
Германияда іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігінің болуы, ал бакалавриатты аяқтағаннан кейін сол жерде не басқа елдерде оқуды жалғастыру.