
Осы бағдарлама шеңберінде біз экономика және халықаралық қатынастар (аймақтану) саласындағы іргелі білімдерден басқа, мамандану өңіріндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени процестерді талдау дағдыларын меңгерген мамандарды даярлаймыз.
Оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламасы бойынша 2 жыл.
Оқыту тілдері: орыс және ағылшын.
Түлектер аналитикалық және зерттеу әзірлемелерін дайындау, стратегиялық жоспарлау және қолданбалы сипаттағы ұсыныстарды әзірлеу дағдыларын меңгерген.
Біздің студенттеріміздің маңызды артықшылығы — мамандық бойынша бірқатар модульдерді Германиядан шақырылған профессорлар мен доценттер жүргізеді.
Оқуға түсу талаптарыМодульдер:
- Аймақтық зерттеулердің теоретикалық негіздері
- Аймақтық зерттеулер әдіснамасы
- ОА тарихы, саяси процестері мен проблемалары
- Әлеуметтік, экономикалық және идентификациондық процестері
- Жанжалдарды зерттеу
- Менеджмент


Мансап
Бағдарламаны табысты меңгергеннен кейін, түлектер мына ұйымдарда:
- халықаралық ұйымдарда және шетелдік компанияларда;
- сыртқы саясатпен айналысатын мемлекеттік мекемелер мен құрылымдарда;
- аударма қызметтерін ұсынатын компанияларда;
- қоғаммен байланыс департаменттері мен БАҚ-та мансап жасай алады.
-
Студенттерді қолдаймыз
Өзіңіздің зияткерлік еңбегіңізбен оқуыңыз бен жүріп тұруыңызға шәкіртақы алыңыз.
-
Қос диплом бағдарламасы
DAAD қолдауымен халықаралық аккредитациядан өткен қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша білім алыңыз.
-
Германиядан оқытушылар
DKU-да Қазақстаннан ешқайда шықпай-ақ, Германиядан шақыртылған оқытушылардан білім аласыз
-
Оқуды шетелде жалғастыру
Германияда іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігінің болуы, ал бакалавриатты аяқтағаннан кейін сол жерде не басқа елдерде оқуды жалғастыру.