Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

ҚНУ проректоры Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар бойынша проректорының м.а. Қали Абдиевич Омаровпен кездесу өткізді

Қазақстан-Неміс Университетінің (ҚНУ) проректоры Барбара Януш-Павлетта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар бойынша проректорының м.а. Қали Абдиевич Омаровпен кездесу өткізді.

Кездесу 27 қараша күні ҚНУ ұйымдастырған «Арал теңізі бассейніндегі „жасыл“ энергетиканы дамыту перспективалары» атты халықаралық семинар қарсаңында өтті. Бұл кездесуде Омаров мырза модератор міндетін атқарды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті - Ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқару салалары үшін қазіргі заманғы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Осыған орай, кездесу барысында су ресурстарын интеграцияланған басқару, климаттың өзгеруі және Орталық Азияның мамандары мен жас кәсіпқойлары арасында жаңартылатын энергия көздері саласында білім алмасу саласындағы университеттер арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, кездесудің күн тәртібіне халықаралық жобаларды бірлесіп іске асыру туралы мәселе қойылды.

Кездесудің нәтижесі университеттер арасындағы іскерлік қарым-қатынасты одан әрі дамыту туралы келісім болды.

Бөлісу