ҚНУ МАГИСТРАТУРАСЫНА өтініштерді қабылдау!

Құрметті болашақ магистранттар!


Магистратураға түсуге өтініштерді қабылдау басталып, 2018 жылғы 31 шілдеге дейін жалғасатынын хабарлаймыз. Қажетті құжаттар тізімін және оқуға түсу шарттарын мына жерден таба аласыз.

  • Шет тілі бойынша ҚР БжҒМ емтиханына төленген түбіртегі немесе (бар болған жағдайда) ағылшын тілінен тест тапсырғаны туралы TOEFL бағдарламасы бойынша (шекті балл — 560 ұпайдан кем емес), IELTS бағдарламасы бойынша (шекті балл — 6.0 ұпайдан кем емес) сертификаттың көшірмесі талап етілетініне назарыңызды аударамыз.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен 10−15 тамыз аралығында өтетін шет (ағылшын) тілі бойынша тестке төлеу үшін Реквизиттер:
Қатысу құны — 4200 тенге

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК
010011 Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60
РНН 600300086081,
БИН 000140001853
ИИК KZ536010111000001515
БИК HSBKKZKX, КБЕ 16
«Қазақстан халық банкі" АҚ.

Сонымен қатар, құжаттар пакетіне таңдаған мамандығыңыз бойынша эссе қосуыңыз керек. Эссенің тақырыптары мен талаптарын мына жерде таба аласыз.


Магистратура мамандықтары бойынша қабылдау емтихандары 10−20 тамыз аралығында өтеді.
Төменде дайындау бағдарламалары ұсынылған:

Басқа мамандықтан түсетін жағдайда оқымаған келесі пререквизиттерді өтуіңіз қажет екенін назарыңызға саламыз:

Менеджмент:

  • Жоғары математика/Экономикадағы математика
  • Экономикалық теория
  • Менеджмент
  • әсіпорын экономикасы

Қаржы:

  • Жоғары математика/Экономикадағы математика
  • Экономикалық теория
  • Қаржы
  • Қаржы менеджмент

Логистика:

  • Логистика негіздері
  • Ақпараттық логистика
  • Көлік логистикасы

Аймақтану: Орталық Азия

  • Әлемдік интеграция үрдістері
  • Саясаттану
  • Геосаясат негіздері

Аймақтану: Су ресурстарын интеграцияланған басқару

  • Әлемдік интеграция үрдістері
  • Экология
  • Гидрология

Барлық сұрақтар бойынша Қабылдау комиссиясына жолығуыңызға болады:
Тел.: + 7 (7272) 355 05 51 (ішкі тел. 229)
Email: admission@dku.kz