Тіл орталығы

Қну-дағы неміс тілі курстары

Біздің университетімізде барлық ниет білдіргендер бастауыш және жалғастырушы деңгейдегі неміс тілі курстарына қатысы алады.

Бір тілдік деңгейді игеруге арналған курс ұзақтығы 54 академиялық сағатты не 9 аптаны құрайды.

Сабақтар аптасына 3 рет 2 академиялық сағаттан 18:30-дан 20:00-ге дейін болады.

Курстың өткізілу уақыты:

  • 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін.
  • 2018 жылдың сәуірінен маусымына дейін.
  • 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін.

Бір курстың бағасы:

  • Базалық бағасы 36 000 теңгені құрайды.
  • Студенттер мен оқушылар үшін — 32 000 теңгені құрайды.

Сабақтар аяқталған соң ҚНУ Тіл Орталығының курсты тәмамдағанын растайтын сертификатын аласыз.

Неміс тілі курсына мына телефон нөмірлері бойынша жазылыңыз +7 727 355-05-51 (ішкі 507). Курсқа тіркелу сабақтардың басталуынан үш апта бұрын жүргізіледі.